Басып шығару нұсқас

22-ші жыл сайынғы "Компанияның табысты дамуы үшін зияткерлік меншікті қорғау стратегиялары" семинары

10 қазан 09 - қазан 2024

Мәскеуде "Компанияның табысты дамуы үшін зияткерлік меншікті қорғау стратегиялары" атты 22-ші жыл сайынғы семинары өтті, семинарға зияткерлік меншік саласындағы 100-ден астам мамандары бетпе-бет және онлайн түрде жүздесті.

"Городисский и Партнеры" фирмасының Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирск қалаларының 28 маманы баяндамаларын ұсынды. Семинарды "Городисский и Партнеры" заң фирмасының Басқарушы серіктесі В.Н. Медведев "Городисский и Партнеры" фирмасының мерейтойына арналған "Зияткерлік меншік саласындағы қызметтер көрсету нарығында 65 жыл: дәстүр, тәжірибе және бүгінгі заман " атты баяндамасымен ашты.

Семинардың бірінші күні өнертабыстарға, жасанды интеллектке және фармацевтика мен медицина саласындағы өнертабыстарды қорғаудың заманауи үрдістеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті.

Семинардың екінші күні сауда белгілері мен өнеркәсіптік үлгілері, бағдарламалық жасақтаманы қорғауға, жарнаманы реттеу мәселелері, франчайзинг, онлайн сауда кезінде бұзушылықтардың жолын кесу тәжірибесіне, дербес деректер саласындағы құқықтық реттеуге арналды.

Артқа қайту

Рейтингтер