«Тауар белгілері: креативті шешімдер, нарықтық сын-қатерлер және құқықтық аспектілер» іскерлік таңғы асы
08 сәуiр 2025«Городисский и Партнеры» заң фирмасының кеңсесінде зияткерлік меншік саласындағы 40-қа жуық маман қатысқан «Тауар белгілері: креативті шешімдер, нарықтық сын-қатерлер және құқықтық аспектілер» іскерлік таңғы асы өтті. Іскерлік таңғы ас кезінде компанияның мамандары Л. М. Серова, серіктес, Ресей Федерациясының патенттік сенім білдірілген өкілі, Л. А. Шапран, Ресей Федерациясының патенттік сенім білдірілген өкілі және Е. О. Смольникова, Ресей Федерациясының патенттік сенім білдірілген өкілі, Аға заңгер (барлығы – «Городисский и Партнеры», Мәскеу) келесі мәселелер бойынша өз тәжірибелері мен практикалық ұсыныстарымен бөлісті:
- Сипаттамалық тауар белгілері: креативтің жоқтығы әлде ойластырылған тактика?
- Мүмкіндіктер жолы немесе жауапсыз мінез-құлық: шетелдік компаниялардың танымал тауар белгілерін Ресей нарығынан шыққаннан кейін тіркеу әрекеттері
- Тауар белгісін пайдаланбауына байланысты оны құқықтық қорғауын тоқтату ¬– соңғы тәжірибе мен трендтер
Іскерлік таңғы ас өзекті тақырыптар мен материалды ұсынудың жоғары сапасы үшін тыңдаушылардың жоғары бағасына ие болды.
Форма отправлена
Ваша форма успешно отправлена.
Мы свяжемся с вами в ближайшее время.