Басып шығару нұсқас

Ж. Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетінде дәріс

09 желтоқсан 2025

«Городисский и Партнеры» заң фирмасы Қырғызстан Республикасы Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігімен бірлесіп, Бішкек қаласында Ж. Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Құқық институтының оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін зияткерлік меншік мәселелері бойынша қонақ дәріс ұйымдастырды.

Аға заңгер Н.В. Аблогина, заңгер Т.Г. Каретина (екеуі де –«Городисский и Партнеры», Мәскеу) және Қырғызстанның патенттік сенім білдірілген өкілі, өңірлік директор Ч.Т. Дооталиева («Городисский и Партнеры», Бішкек) «Зияткерлік активтер – бәсекелестік артықшылық негізі» тақырыбында презентация жасады. Дәріс барысында айрықша құқықтарды пайдалану тәжірибесі, жасанды интеллект қолданудың құқықтық аспектілері, авторлық құқық бұзушылықтарымен және контенттің жосықсыз қолданылуымен күресудің заманауи әдістері қарастырылды.

Іс-шара қатысушылары талқылауға белсенді арасып, құқықтық нормаларды қолданудың практикалық аспектілері, олардың интерпретациясы және құқықтық жұмыстың сапасын арттыру мүмкіндіктері бойынша сұрақтар қойды.

Артқа қайту

Рейтингтер