Бұл браузерде сайт дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Сізге заманауи браузерді орнатуды ұсынамыз.

Chrome Safari Firefox Opera IE  
x
 

Патенттік зерттеулер

Кешенді патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізу кез келген компанияға жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеу және коммерциялық ілгерілету кезінде, сондай-ақ әзірлемелердің қайталануын болдырмау есебінен жаңа өнімді құруға арналған шығындарды қысқарту үшін қажет.

Әзірлемелерді қандай ұқсас техникалық шешімдер бар екендігі, саланың өзі технологиялық тұрғыдан қаншалықты дамығандығы және алдағы бірнеше жылда қандай даму күтілетіні туралы ақпарат болмаған кезде жүргізу нәтижесінде қолданыстағы, демек, патенттелмейтін және бәсекеге қабілетсіз техникалық шешім әзірленуіне әкелуі мүмкін.

Техника деңгейіне іздеу жүргізу барысында анықталған шешімдерді талдау арқылы алдыңғы әзірлемелерді есепке алу ең озық техникалық шешімдер туралы ақпаратты қабылдауға және техниканың заманауи және бәсекеге қабілетті объектісін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, нарықта (сатылымда) бар ұқсас шешімдерді зерттеу жеткіліксіз болуы мүмкін, өйткені экономикалық, технологиялық немесе басқа себептер бойынша құрылған техникалық шешімдердің үлкен сегменті нарыққа жетпейді. Бұдан басқа, патенттеу нарықтан озатынын және қазіргі уақытта дайын жаңа өнімде бірнеше жылдан кейін ғана іске асырылатын техникалық шешімдерге өтінімдер берілетінін ескеру маңызды.

Патенттік-ақпараттық зерттеулер саланың даму үрдістері туралы нақты түсінік бере алады және дамудың неғұрлым перспективалы бағыттарын жоғары ықтималдықпен анықтай алады. Осындай зерттеулер техника деңгейіне патенттік іздеу деректері, сондай-ақ техниканың осы саласында көшбасшы болып табылатын жетекші әзірлеушілер мен компаниялар алған патенттік құжаттарды талдау негізінде жүргізіледі.

Бұдан басқа, патенттік-ақпараттық зерттеулер бәсекелес компаниялардың инновациялық қызметінің объективті көрінісін алуға мүмкіндік береді.

Патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізу кезінде анықталған осы деректердің барлығы барынша негізделген және нақты басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі шындықта, патенттік зерттеулердің рөлі бірнеше есе өсті, жаңа әзірлемелерді үздіксіз қамтамасыз ете отырып, патенттік зерттеулерді тұрақты негізде жүргізу міндеті өткір тұр.