Бұл браузерде сайт дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Сізге заманауи браузерді орнатуды ұсынамыз.

Chrome Safari Firefox Opera IE  
x
 

Online және offline брендті қорғау

2018 жылы «Городисский и Партнеры» Заң фирмасы қолданыстағы заң тәжірибелерін күшейтті және Gorodissky IP Security жобасы шеңберінде On-line мониторинг саласында озық технологияларды енгізді, бұл Интернет желісінде (On-line) және одан тыс (Off-line) зияткерлік меншікті қорғауға кешенді тәсілдемені қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жобаның негізгі міндеті - интернет желісіндегі бұзушылықтарды жедел анықтау және оларды сотқа дейін жою. Бұл тәсіл Интернет желісіндегі бұзушылықтардың басым бөлігін жоюға және Off-line (сот өндірісі, құқық қорғау органдарына жүгіну, кедендік ден қою шаралары және т.б.) құралдарымен күресу қажет неғұрлым елеулі бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл Заң және IT қызметтерін көрсету нарығында бірегей болып табылады және тауар таңбаларын, авторлық құқықты қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды барынша тиімді қорғауға, контрафактілік өнімдерді таратумен, Интернет желісінде алаяқтықпен және басқа да бұзушылықтармен күресуге мүмкіндік береді.

Gorodissky IP Security-бұл сіздің зияткерлік меншігіңізді кешенді қорғау.

Толығырақ ақпарат жобаның сайтында www.gorodisskyipsecurity.com